Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды

Қазақстандық пара биатлоншы Италияда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында із қуу жарысында финалға жолдама алған еді. Ол ақтық сайыста топ жарып, алтын жүлдеге ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Отандасымыз шешуші сайыста 9:39.0 уақыт көрсетіп, бір мәрте мүлт кеткеніне қарамастан мәреге бірінші болып жетті. Күміс жүлде украиналық Тарас Радьқа бұйырса, қола медальді Қытай елінің өкілі Лю Цзысю еншіледі.
28 жастағы Ербол Хамитов бұған дейін 1500 қашықтықта қола жүлдеге ие болған.
Айта кетейік, Ербол Хамитов – 2025 жылғы әлем чемпионы. Ол 2023 жылы екі рет қола жүлдеге қол жеткізген.
Ербол Хамитов Паралимпиададағы жеңісі үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды
Михаил Шайдоров Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовті қазақ тілінде құттықтады
Аталмыш додада Қазақстан атынан үш спортшы сынға түскен еді. Олардың қатарында Ербол Хамитовтен бөлек Сергей Усольцев пен Юрий Березин де болды. Қос спортшы жүлдеге іліне алмады.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде