AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ер адамның жыныс мүшесін кесіп тастаған": БҚО полициясы желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді

Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері WhatsApp мессенджерінде таратылып жатқан Ақсай қаласында ер адамның жыныс мүшесін кесіп тастағаны туралы аудиохабарламаға түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Аудиохабарламалардың бірінде әйел оқиға туралы айтады: "Үйдің артында жалаңаш жүрді, 48-ші үй тұрған жерде отырды, содан кейін есінен танып қалды. Полиция мен жедел жәрдем шақырды. Қазір мені тергейді, себебі мен полиция шақырдым".

Тағы бір хабарламада әйел үйдің кіреберісі қанға болғанын айтады. Оның сөзінше, тоғызыншы қабаттағы бір бөлмелі пәтерде күзетшілер тұрған. Пәтерде бір нәрсе болып, олардың бірінің мүшесін кесіп тастаған. Аудиохабарламамен бірге видео да тараған. Онда қабырғаға жағылған қанды қол іздері мен баспалдақтағы қан тамшылары түсірілген.

Дегенмен құқық қорғау органдары бұл ақпаратты растаған жоқ.

"Мессенджерлерде БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласының төртінші шағын ауданында ер адамның жыныс мүшесін кесіп тастағаны туралы ақпарат таралуда. Бөрлі аудандық полиция бөлімі жіберілген дауыстық хабарламалар шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.

21 мамыр күні сағат 18.00-де Қызылорда облысының тұрғыны төртінші шағынауданы пәтерлерінің бірінде қол мен кеуде тұсына пышақ жарақатын салу фактісі орын алды. Бұл оқиға ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі "денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша СДТБТ-де тіркелді. Күдікті анықталып, ұсталды. Жәбірленушінің жағдайы тұрақты, реанимациядан жалпы палатаға ауысты. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр