"Ер адамдардан қорқып қалдым": Танымал блогер Juzzefinа зорлыққа ұшырағанын жасырмады
Желі жұлдызына айналған Juzzefinа лақап атымен танылған Жұлдыз Жауынбаева ер-азаматтардан көңілі қалғанын “Ревю” бағдарламасында айтып берді.
Фото: https://www.instagram.com/juzzefina244/
Өнер иесі “Қораға кірдік” картинасында басты рөлді сомдап, актрисалық қабілетін шыңдады. Айтуынша кейіпкердің тағдыры өзінікімен ұқсас болып шыққан.
“2022 жылы жігіттіммен сәтсіз қарым-қатынас болған. Бірақ ол оқиға маған сабақ болып, мойымадым. Ақшалай 2 миллион, заттай 1 миллионға қарызға кіргізіп кетті. Тіпті маған қол көтеріп, зорлық жасауға дейін барды. Ұрып-жыққаны да жасырын емес. Оқиғадан кейін ер адамдардан қатты сескеніп, үйден шыға алмай қалған кездер болды. Психологпен жұмыс істей бастадым. Ер адам жоласа, айқайласа, бірден қорқыныш пайда болады. "Ұрып қалса, талып қаламын" деген ой келетін", – дейді желі жұлдызы.
-
Танымал актер Жерар Депардье сексуалды зорлық жасады деген айыппен қамауға алынды
-
Қыз зорлады деп айыпталған Талдықорған полициясының экс-бастығы Марат Күштібаев 11 жылға сотталды
Сонымен қатар блогер қыздарға кеңес айтып, пысық болуға үндеді.
“Қазақ қыздары жоқ жерде ұялып, жабылып қалады. Бұл дұрыс емес. Жұлып, жеп тұру керек. Мен өзім аңқау болдым. Зорлық-зомбылыққа ұшырап жатқанда айқайлау ұят емес. Жалпы ұят дегенді ұмыту керек. Жігіттерден де қу болып өмір сүруге болады”, – деп ақыл айтты блогер.
Айта кетейік, Алматыда барлардың бірінде күзетшінің қызды зорлауына қатысты істің соты аяқталды. Күдікті сегіз жыл бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ жәбірленушіге 6 миллион теңге өтемақы мен сот шығындарын өтеуге міндеттелді.