Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам жыныстық қатынас кезінде мүшеқапты шешіп тастағаны үшін төрт жылға түрмеге қамалды

Ұлыбританияда әйелмен жыныстық қатынасқа түсу кезінде мүшеқапты жасырын түрде алып тастағаны ер адам төрт жылға қамалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі LBC порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото LBC

Лондондық 39 жастағы Гай Мукендиге 2023 жылы 9 мамырда әйел өзін зорлады деген айып таққан. Айтуынша олар қорғалған жыныстық қатынасқа түсуге өзара келіскен. Алайда Мукенди жәбірленушіге ескертусіз жақындық кезінде мүшеқапты шешіп тастағаны анықталды. Ұлыбритания мен Уэльс заңдары бойынша мұндай әрекет зорлаумен тең.

Сотта медициналық сараптаманың нәтижелері және айыпталушы мессенджерде жәбірленушімен алмасқан хабарламалардың скриншоттары ұсынылды. Атап айтқанда, болған оқиғадан кейін ер адам өз әрекеттері үшін одан кешірім сұраған. Сонымен қатар, ол мұны "ұзақ уақыт бойы жыныстық қатынасқа түспегендіктен" жасағанын мәлімдеген. Алайда кейінірек бұл хабарламаны өшіріп тастаған.



Ер адам 2 сәуірде кінәлі деп танылып, алқабилер оны төрт жыл үш айға қамауға алды.

Талқылау