Ақтөбе тұрғыны тайғақ баспалдақтың кесірінен қаза тапты: Пәтер иелері коорпоративінің төрағасына айыппұл салынды
Ақтөбеде 51 жастағы ер адам мұз қатқан баспалдақтан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Диапазон” басылымына сілтеме жасап.

"ЖК Қабақбаев" пәтер иелері коорпоративі төрағасына балпалдақтың мұзы тазартылмағаны үшін айыппұл салынды.
17 қарашада Молдағұлова даңғылындағы үйдің кіреберісінде ер адам мұзды баспалдақпен тайып құлады. Үй тұрғындары бұған ПИК-ті кінәлап, аула мен баспалдақты тазалайтын бригаданы уақытында жалдамағанын айтты.
Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін кінәлі тарапқа 92 мың теңге айыппұл салынды. Төраға өз кінәсін мойындап, айыппұлды төледі.
Пойызда қызға қол жүгірткен ер адамның үстінен екі бап бойынша әкімшілік іс қозғалды
Көліктегі полиция: "Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша материалдар қарау үшін сотқа жолданды"
Мұғалімдерді аттестаттау жүйесі мен шетелден көлік әкелу тәртібі қайта қаралады: 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда не өзгереді?
Жаңа оқу жылынан бастап оқушыларға сабақ кезінде ұялы телефон қолдануға тыйым салынады