"Ер адам күдікті сөмке қалдырып кеткен": Астанада Әзірет Сұлтан мешіті қоршауға алынды
Астанадағы Әзірет Сұлтан мешіті қоршауға алынып, келушілер мен жұмысшылар эвакуацияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, белгісіз ер адам мешіт аумағында орналасқан дүкенге үлкен чемодан мен сөмкесін тастап кеткен, сөмкелерін алу үшін қайта оралмаған.
Полицияға қоңырау шалған әйел сөмкенің ішінен күдікті дыбыс шығып тұрғанын айтқан.
"Оқиға орнына дереу қалалық төтенше жағдайлар қызметі жетті. Осындай хабарламаларға аясында қолданылатын "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңының талаптарына сәйкес оқиға орны қоршауға алынды. Мешітке келушілер мен қызметкерлер қауіпсіз жерге көшірілді. Тексеру барысында сөмкеден қауіпті және тыйым салынған заттар табылмады", – делінген полиция хабарламасында.
Бұл дерек елорданың Есіл ауданының полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі уақытта сөмкелердің иесі анықталып жатыр.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен