Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам Facebook-тің тікелей эфирінде көшедегі бейтаныс қарияны өлтіргенін көрсетті

АҚШ-тың Кливленд қаласының полицейлері Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде адамды өлтірген Стив Стивенс есімді азаматты іздестіруде.

1492318881_article_b

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, Стив Стивенс көшеде кетіп бара жатқан бейтаныс қарияны басынан атып, қылмыс орнынан еш алаңсыз бой тасалаған және онысын Facebook Live арқылы көрсеткен.

Ал Associated Press агенттігінің жазуынша, жасалған қылмыстың видеосы Стивенстің парақшасында үш сағатқа жуық уақыт тұрған, кейін ол алынып тасталды.

Ер адам әлеуметтік желі арқылы өзге де көптеген қылмыстарды жасағанын айтқан. Бірақ бұл мәлімдемелерінің нақтылығы әлі анықталмады.

Полицейлер өздерінің Twitter-аккаунтарында күдіктінің фотосын жариялады әрі оның аса қауіпті және қарулы екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз:

Салмағы 17 келі тартатын 8 айлық қыз дәрігерлер үшін жұмбаққа айналды (фото, видео)

АҚШ-та YouTube арқылы көлік айдауды үйренген бала үш шақырымды жүріп өткен

Қатерлі ісікке шалдыққан 4 жасар бала анасын күтіп жатып көз жұмды (фото)

Талқылау