Ер адам бірден үш әйелге үйленіп, той жасаған
Үндістандағы Мадхья-Прадеш штатының тұрғыны бірден үш әйелге үйленді. Бұған дейін олар 15 жыл бірге тұрған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Times of India басылымына сілтеме жасап.

42 жастағы Самрат Мурьяның тойына алты баласы да қатысқан. Жергілікті дәстүрге байланысты салтанатты мерейтой үш күнге жалғасқан. Әйелдерінің ең кішісі 30-да, үлкені 35 жаста.
Үндістанда көп әйел алуға ресми түрде тыйым салынған. Бұған қарамастан кей ауылдарда ер адамдар екі және одан да көп әйелдермен отау құрады. Мурья әйелдерінің бірімен 2003 жылы некелесіп қойған.
Үйленгендер той жасау туралы шешімді қауымның мойындауына ие болу үшін және ғибадатханаға баруға рұқсат алу және өзге де шараларға қатысу үшін қабылдаған.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген