Энергетика министрлігі елде дизель тапшылығы қашан жойылатынын айтты
Фото: freepik.com
Энергетика вице-министрі Қазақстанда жақын арада бензин тапшылығы болмайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайырхан Тұтқышбаевтың айтуынша, мұнай өңдеу зауыттарының қуатын кеңейткен соң мұнайды қайта өңдеу көлемі жылына 18,4 миллион тоннадан 27,7 миллион тоннаға дейін өседі. Бұл елдегі бензин, дизель отыны және авиакеросин көлемінің артуына мүмкіндік береді.
Жоспар бойынша өндіріс көлемі мынадай деңгейге дейін ұлғаяды:
- бензин – 5,6 миллион тоннадан 9 миллион тоннаға дейін;
- дизель отыны – 6,2 миллион тоннадан 9,5 миллион тоннаға дейін;
- авиациялық отын – 0,7 миллион тоннадан 1,7 миллион тоннаға дейін.
“Зауыттарды кеңейту ішкі нарықтағы жанармай тапшылығын кезең-кезеңімен жоюға мүмкіндік береді”, – деді Қайырхан Тұтқышбаев.
Энергетика министрлігінің болжамынша:
- дизель отынының тапшылығы 2028–2030 жылдары жойылады;
- авиакеросин өндірісі екі есеге жуық артып, тапшылық көлемі 500 мың тоннадан 300 мың тоннаға дейін қысқарады;
- ал жаңа мұнай өңдеу зауыты іске қосылған соң 2033 жылға қарай авиакеросин тапшылығы толық жойылады.
Министрліктің мәліметінше, бұл жоспарлар жүзеге асса, елдегі жанармаймен қамту мәселесі кезең-кезеңімен шешіледі.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан