Энергетика министрлігі АЭС құрылысын кейінге қалдыруға қатысты пікір білдірді
Қазақстанның Энергетика министрлігі атом электр станциясы құрылысын кейінге қалдыруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Энергетика министрілі ғаламторда тараған АЭС жобасын іске асыру мерзімін кейінге шегеру туралы ақпаратты ресми түрде жоққа шығарады. Сондай-ақ мерзімі, құрылыс орыны мен АЭС қуатына байланысты ұсыныстар министрлік, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ мен қызығушылық танытқан ұйымдар жүргізіп жатқан зерттеу нәтижелері бойынша белгіленеді", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Айта кетейік, бұған дейін Энергетика министрлігі Қазақстанда АЭС құрылысына қанша ақша кететін мәлімдеген еді.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты