AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда атом электр станциясы 2030 жылдан бастап қолданысқа енгізілмек

Атом электр станциясы 2030 жылдан бастап қолданысқа берілуі мүмкін. Энергетика министрі Болат Ақшолақов осындай болжам айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Өйткені толық салынып бітуі үшін бас-аяғы он жылдай уақыт қажет екен. Ал атом электр станциясына қатысты референдум жайлы Ақшолақов кесіп ештеңе айтпады.  

“Референдум жайында ештеңе айта алмаймын. Оны өткізу немесе өткізбеуді біздің ведомство шешпейді. Қажеттілік туындаған жағдайда нақты шешім қабылданады деп ойлаймын. Түптеп келгенде егер жоба дайын болса, заң бойынша тапсырыс орындаушы қоғамдық тыңдаудан өтуге міндетті. Яғни жұртшылық өз пікірін айта алуы тиіс”, – дейді энергетика министрі Болат Ақшолақов. 

Ақшолақов электр энергиясының қордаланған мәселерін атом станциясы ғана шешеді деп отыр. Және ол үшін Қазақстанда барлық мүмкіндік бар дегенді алға тартты. Еліміз уран өндірісі бойынша әлемде көш бастайтыны да атом станциясының құрылысына оң әсерін тигізуі тиіс. Сондай-ақ ведомство басшысы энергетика мамандары бұл мәселеге қанық дегенді атап өтті. Біздегілер дүниежүзілік тәжірибеге иек артуды да жөн көріпті. Өйткені әлемнің 19 елі қуат көзін өндірудің осы жолын дұрыс деп тапқан. Болжам бойынша шамамен 2035 жылы электр энергиясының қатты жетіспеушілігі байқалуы мүмкін. Сондықтан атом электр станциясы жалғыз балама нұсқа дейді энергетика министрі.

“Бүгінгі таңда үлкен көлемдегі көмір станцияларын сала алмаймыз. Жалғыз амал —  газ. Бірақ ол үшін қосымша көптеген жұмыс жасалуы тиіс. Мысалы 1 гигаватт станция жұмыс істеуі үшін шамамен 2 миллиард текше метр газ қажет. Шамамен әрқайсысы 2 миллиардтан 17 гигаватт деп есептеңіз. Бұл бізде жоқ газдың өте үлкен мөлшері”, – дейді Болат Ақшолақов.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр