Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Энергетика экс-вице-министрі Павлодар облысы әкімдігінің орынбасары болды

Қазақстан Республикасы үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпанда жарияланған қаулысына сәйкес, Сұңғат Есімханов ҚР энергетика вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл оның жаңа қызметке тағайындалуымен байланысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сурет: pm.kz

Primeminister.kz мәліметінше, Сұңғат Есімханов 1973 жылы 30 қарашада Павлодар облысында дүниеге келген. 1996 жылы Павлодар индустриалды институтын, 2007 жылы Қарағандының ​​«Болашақ» өзекті білім беру институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы «Алюминий Қазақстан» АҚ-ның гидрометаллургиялық цехында инженер болып бастаған.  

2001-2007 жылдары Астана, Ақтау, Қарағанды қалалары бойынша ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің құрылымында маман, бөлім басшысы, департамент директоры қызметтерін атқарған.

2008-2010 жылдары Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.  

2010-2013 жылдары «Қазақэнергосараптау» АҚ президенті болды.  

2013-2014 жылдары ҚР  Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2014-2018 жылдары ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2018 жылғы қарашадан бастап қазіргі таңға дейін ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарды. 

Талқылау