"Енем алып кеткен": Белгілі әнші ұлымен 12 жылдан соң қауышқанын айтты
Танымал әнші Сұлушаш Нұрмағамбетова "Мақсатына жеткендер" бағдарламасында жеке өмірі жайында сөз қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Qazaqstan tv
Сөзінше, баласын енесі 4 айлығында алып кеткен. Кейін күйеуімен ажырасып, баласынан қол үзген.
"Өмір бойы жолдасыммен тұрсам деген ниет болды. Бірақ оған жете алмадық. Бір ұл, бір қызым бар. Ұлды 4 айлығында енем алып кеткен. "Осылай жүріп, өлтіріп аласыңдар" деді. Себебі үй тыныш емес қой. Қазақконцерттен күйеуімді тәртібі үшін шығарып жіберді. Сөйтіп, 1984 жылы ажырастық. Содан кейін баланы көрген жоқпын. Ұлым 1996 жылы келін екеуі қолыма келді. Мені "Алмаштың мамасы" дейтін. Қазір екеуміз де сырласамыз, өткенді айтып жылап аламыз. Қандай болып өсті екен деп уайымдадым. Жаныма қатты батты", - деді ол.
"Енді қарызға той, туған күн жасамайды": Несие беру талаптарының қатаңдауы қазақстандықтарға қалай әсер етеді
Экономист: “Енді несиеге той, туған күн жасалмайды: Басты қауіп – ломбард пен пайыздық қарыз”
Көп босану ағзаға қалай әсер етеді: Мамандар көпбалалы ана болудың салдарын түсіндірді
Мамандар көп босану ағзаға қалай әсер ететінін айтты