Енді қарызы бар қазақстандықтардың банктік шоттары толық бұғатталмайды
Енді қарызы бар қазақстандықтардың банктік шоттары толық бұғатталмайды. Тек қарыз сомасына ғана тыйым салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков заңнамаға енгізілетін өзгерістер туралы егжей-тегжейлі мәлімет берді.
"Азаматтардан өте көп шағым түсті: егер қандай да бір қарызы, мысалы айыппұлы болса, банктер бүкіл шотты бұғаттап тастайтын. Енді бұл жүйені жетілдірдік, жеке сот орындаушысы тек сіздің қарыз сомасына ғана тыйым сала алатын болады. Енді бүкіл шот бұғатталмайды. Қазір бұл жұмысты банктермен бірлесіп жүргізіп жатырмыз, тиісті хаттар жіберілді, жақын уақытта бұл қызмет іске қосылады", – деді ол.
Айта кетейік, бұл норманы талқылау 2023 жылы басталған.
Еске салсақ, 2026 жылы қазақстандықтардың салық бойынша берешегі 86,5 мың теңгеден асқан жағдайда шоттары бұғатталатыны туралы жазған едік.
Астанада әкімдік электрлі велосипедтер сатып алу үшін бюджеттен 2,3 миллиард теңге жұмсаған
Елордада бұған дейін салынған велосипед инфрақұрылымының 90 пайызы пайдаланылмай тұр
Шымкентте тұрғын жаңа әуежайда намаз оқитын орын жоқ екеніне шағымданды
Ер адам: "Мынау зал, намазды маған осы жерде оқуды ұсынып отыр”
