2026 жылы қазақстандықтардың шоттары қандай қарыз сомасынан бастап бұғатталады

Мемлекеттік кірістер комитетінің Аудит департаментіне қарасты берешекпен жұмыс істеу басқармасының басшысы Қайсар Арын 2026 жылдан бастап қазақстандықтардың шоттары қандай қарыз сомасынан кейін бұғатталатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның сөзінше, қазір сараланған тәсіл қолданылады. Егер салық берешегі 20 АЕК-ден (86 мың теңге) асса, өсімпұл есептеліп, ескерту жіберіледі. Белгіленген мерзім өткен соң банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылады. Сондай-ақ касса мен инкассалық өкімдерге шектеу қойылады. 45 АЕК-ке (194 мың теңгеден аса) дейінгі қарыз кезінде ықпал ету шаралары осы тәсілдермен ғана шектеледі.
“Ал егер берешек 45 АЕК-тен асып кетсе, аталған шаралар сақталады және қосымша әрекеттер қолға алынады. Атап айтқанда, дебиторлық қарызды өндіру, мүлікті түгендеу актісін жасау, оны сату және басқа да шаралар жүргізіледі. Қарыз өтелмеген жағдайда, сот шешімімен салық төлеуші банкрот деп танылуы мүмкін”, – деді ол.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"