Енді баспана кезегінде тұрған қазақстандықтар тізімінен сәйкес келмейтін үміткерлер шығарылады
Индустрия және құрылыс министрлігі енді баспана кезегінде тұрған қазақстандықтар тізімінен сәйкес келмейтін үміткерлердің шығарылатынын жеткізді. Бұл кезектің тезірек келуіне көмектеседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Кезекте тұрғандардың біразының жеке баспанасы бар болып шықты. Басқалары құжаттарды тапсыру кезінде қателіктер жіберген.
Бүгінге дейін әкімдіктер 10 мың адамды кезектен шығарып үлгерді. Ал өзге қазақстандықтар баспаналарын күтуді жалғастыруда. Кейбірі он жыл немесе одан да көп уақыт күтуі мүмкін.
“233 мыңға жуық адам бұл талаптарды орындамағаны үшін тізімнен шығарылуы мүмкін. Кезектен оларды алып тастаса, артта тұрғандардың кезегі алға жылжиды. Яғни баспанаға тезірек қол жеткізуге болады", - деді Индустрия және құрылыс комитетінің басқару жөніндегі сарапшысы Самат Бекжігіт.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмысын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған