Қазақстандық балабақшаларға қоғамдық бағалау жүйесі енгізілмек

Ағымдағы жылдан бастап пилоттық режимде мектепке дейінгі ұйымдарға қоғамдық бақылау жүйесі енгізіледі. Бұл туралы министр Асхат Аймағамбетов «Білім және ғылым» конференциясы кезінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

балалар

«Мектепке дейінгі ұйымдарға қоғамдық бақылау енгізетін боламыз. Осылайша биылғы жылы пилоттық режимде мектепке дейінгі ұйымдардың рейтингін енгіземіз. Қоғамдық бағалау арқылы жағдайдың нақты қандай екенін көріп отырамыз. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын жақсарту жөнінде іс-шара қабылдаймыз» - деді Асхат Аймағамбетов. 

Әрі қарай білім және ғылым министрі мемлекет басшысы көрсетілетін қызметтер сапасына қатысты сын айтқанын, осы орайда мәселені жақсартудың қатаң шараларын қабылдау қажет екені айтылды. 

«Әлеуметтік желі мен БАҚ-тан көптеген заңбұзушылық көріп отырмыз. Апта сайын балалардың қиналып жүргені туралы өте жағымсыз жаңалықтар оқимыз. Осы мәселені жақсарту үшін қатаң шара қабылдайтын кез келді. Бізге аттестаттау жүйесіне біртіндеп оралу, акредиттеу жүйесін енгізу ұсынылып жатыр. Алайда президенттің тапсырмасы бойныша министрлік мемлекеттік немесе жекеменшік ұйымдарда болсын мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту жөнінде шаралар қабылдайтын болады», - деді ол. 

Естеріңізге сала кетсек, бүгін «Білім және ғылым» конференциясы кезінде мемлекет басшысы мұғалімдер жалақысын екі есе арттыруды тапсырды. Сондай-ақ, Білім министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылы әліппенің қайта оралатынын мәлімдеді. Мұнымен қатар, 6 жасар балалардың балабақшадан шығарылу тәртібі өзгеретін болды. 

Атап өтсек, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан дәстүрлі шараға еліміздің түкпір-түкпірінен екі мыңнан астам ұстаз қатысуда. Олардың қатарында мектеп, колледж бен жоғары оқу орындарының оқытушыларымен қатар ата-аналар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері бар.

Жиын барысында білім және ғылым саласындағы өзгерістерді басқару мәселелері талқыға салынып, инновациялық идеялар мен бастамалар ұсынылуда. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр