Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сөмке аутлеттен, әшекейлер күміс": Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жаңа орынбасары көпшіліктің сынына жауап берді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жаңа орынбасары Айнұр Серғазиеваның шетелдегі демалыстар мен қымбат сөмкелері жарияланған желідегі суреттері көпшіліктің сынына іліккен болатын. Ең сұлу шенеунік атағын алған ару осыған байланысты мәлімдеме жасап, өзі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айнұр Серғазиева

Айнұр Серғазиева өзінің Instagram желісіне сынға қалғанын және жаңа қызметке тағайындалғанына көпшіліктің таңданысы болғанын жазып, айтылған қауесеттерге жауап берді.

“ҰАТ-та Президенттік резервистер мемлекеттік қызмет істері агенттігіне цифрлық төраға орынбасарын іздеп жатқанын айтты. Өздері бірнеше адам ұсынған. Ішінде мен де болдым. Сұхбаттасуға шақырған кезде ұсыныстар  мен мәселелердің шешу жодарын дайындадық. Кейін ол ҚР Президенті Әкімшілігіне көрсетілген. Мені бұл қызметке негізгі үміткер ретінде қарастырғанын тағайындалудан үш күн бұрын білдім”, – деді Серғазиева.

Желідегі шетел аралап, қымбат сөмкелермен түскен суреттеріне қарап, ықпалдылардың қолдауымен жоғары орынға келді деген пікірлерге ол қарапайым өмірі туралы айтты.

“Мен туралы тасыған байлығы мен ықпалды туыстары бар деген пікірлер жалған. Зейнеттегі ата-анам Оралда тұрады. Пәтерім ипотекаға алынған, сөмкелер аутлеттен, алқаларым мен Тиффани әшекейлерім күміс. Мен шенеунік болған емеспін. Күйеуім мен балаларым жоқ. Сондықтан айлығымды өзіме жұмсаймын”, – деді министрдің жаңа тағайындалған орынбасары.

Ол өзінің осы қызметте жас ұрпақтың өкілі ретінде жаңашылдықпен өзгерістер жасауға тырысатынын айтып, бірнеше жоспарларымен бөлісті. Атап айтқанда цифрландыру арқылы мемлекеттік қызметкерлерді іріктеу мен қабылдау жұмыстан шығару процесін ашық етуді, мемлекеттік органдарға ақпарат ұсына отырып, қызметтердің сапасы туралы кері байланысты жинау процесін цифрлауды, ашықтық пен айқындыққа қол жеткізу үшін осы бағытта мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыруды мақсат тұтатынын айтты. 

Қорытындылай келе Сарғазиева өзінің әрқашан сауалдарға ашық екенін айтып, халықты сындарлы диалогке шақырды.

Еске салсақ мемлекеттік қызмет істері агенттігінің орынбасары қызметіне тағайындалған арудың желідегі суреттері біраз сынға ұшыраған болатын.

Талқылау