Ең сымбатты қылмыскер түрмені сән алаңына айырбастады
“Американың ең әдемі қылмыскері” деген таңқалдыратын атақ алған 31 жастағы калифорниялық Джереми Микс темір торды тастап шығып, сән көрсетумен айналыспақ. Қылмысы бойынша айыпталған Джереми бірнеше ай бұрын White Cross Management сән агенттігімен келісім-шартқа қол қойған.

Бұл туралы lifenews.ru сайты хабарлайды.
Енді түрмеден босай салысымен, ол алғашқы фотосессияға түспек. Заңсыз қару сақтағаны үшін түрмеге түскен Джереми, әдемі түр-келбетінің арқасында сән әлемінің жұлдызына айналмақ.
Еске сала кетсек, Мик заңсыз қару сақтағаны үшін 27 айға түрмеге отырғызылған. Алайда оның үлгі боларлық тәртібі уақытынан бірнеше ай бұрын босап шығуына көмектеспек.
Оның суреті Стоктон қаласы полициясының фейсбуктағы парақшасында жарияланғаннан кейін, оның танымалдылығы артып кетіп, 200 мың “лайк” жинап үлгерген.

Жаңа Конституция күшіне енеді, самокаттардың жүруіне шектеу қойылады: Қазақстанда 1 шілдеден бастап не өзгереді?
Сейсмикалық, сел және көшкін қаупі сияқты табиғи тәуекелдерге ерекше көңіл бөлінеді
Астанада ойын орталығында 4 жасар бала тоқ соғып жарақат алды: Анасы орталықты тексеруді талап етті
Күтуші балаларды тоқтатпаған және бұлай ойнауға болмайтынын түсіндірмеген