Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордалықтар демалыс күндерін тағы да үйде өткізеді: Жаңа шектеулер енгізілді

Нұр-Сұлтанда алдағы демалыс күндері, яғни 27-28 маусымда бірқатар шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

нурсултан карантин

"Профилактика шараларын өткізуге байланысты демалыс күндері (27-28 маусым) елордада қоғамдық көлік жүрмейді. Автобустарға дезинфекция жасалады. Қоғамдық көлік қалыптасқан режимге 29 маусымда (дүйсенбі) оралады", - деді қала әкімінің баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек барлық қоғамдық орындар: саябақтар, гүлзарлар, жағалаулар, жағажайлар және т.б. адам көп жиналатын орындар демалыс күндері жабық болады.

Сонымен қатар, 27-28 маусымда барлық сауда орталықтары, сауда үйлер, азық-түлік және өзге де тауарлар сататын базарлар, дүкендер жұмыс істемейді.

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігерінің сөзінше, тек азық-түлік дүкендері жұмыс істейді. Жұмыс кестесі сағат 10-нан 17-ге дейін.

"Өткен "карантиндік демалыс" сырқаттану деңгейін төмендетудің оң динамикасын көрсетті. Осы демалыс күндері – 27 және 28 маусымда біз "үйдегі демалыс" күнін енгіземіз. Қазіргі уақытта қалада аурудың негізгі екі ошағы отбасылық және ұжымдық болып отыр. Демалыс күндері тұрғындарға жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне, дәріханаға баруды, медициналық қызмет алуды немесе рұқсат етілген жұмысқа баруды қоспағанда, үйлерінен шығуға тыйым салынады", – деді қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева.

Сонымен қатар 27-28 маусымда дәріханалардың, көше форматындағы (жаздық) қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына рұқсат етіледі. Бұл ретте аталған нысандар қатаң санитария нормаларын сақтауы керек.

Талқылау