Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордалық кәсіпкер жалғыз басты анаға үй мен жерді тегін пайдалануға берді

Осыдан екі ай бұрын аядай ғана саяжайды паналап, оны жылыжайға айналдырған жалғызбасты ананың еңбекқорлығына тәнті болған елордалық кәсіпкер оған өз қожалығынан жер мен үй беретінін хабарлады. Бастысы бизнесін дөңгелетсе болды.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"Былтыр қызанақ, қиыр ектім. Асқабақ не керек енді? Жейтін жердің астына салынатын не бар, бәрін қазып алдым, дұрыс болмады. Қасығы 100 тг. Қазір 22 теңге бірқияр", - деді Әйгерім Үрметаева.

Жалғыз басты ана, екі баласымен елорданың іргесіндегі саяжайлардың бірін паналап келеді. Аядай ғана үйді қайырымдылық қорынан сұрап алған. Өзінің тұрақты жұмысы жоқ. Дегенмен  үйі  ішін жылыжайға аналдырып, кішігірім бизнес дөңгелетуді армандайтынын жеткізген болатын.

Жалғыз басты ананың арманы тура екі айдан кейін орындалды. Әлеуметтік желі арқылы кейіпкеріміздің тағдырымен жіті танысқан кәсіпкер, көп ұзамай өз иелігіндегі жер мен үйді  бір жыл ешқандай ақысыз тегін беретінін хабарлапты.

Еңбекқор келіншек үйде қол қусырып отыруға үйренбегенін айтады. Алдағы күндері қар толықтай ерісе, үйдің ауласын, ішін реттеуге кіріспек. Одан бөлек, қара жерді  бау-бақшаға  айналдырып, көкөністердің түр-түрін егіп, базарда сатуды жоспарлауда.

"Сіздерге рақмет. Осылай сіздер болмасаңыздар... Құдай бере салды ма да деп түсінбей отырмын", - деді қала тұрғыны Әйгерім Үрметаева. 

Іскер әйелдің арманы мұнымен шектелмейді. Кәсібі дамыса, мал асырап, шаруасын кеңейтпек екен.  Ең бастысы "әрекетке - берекет" дейді ол!  

Талқылау