Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордалық белгілі адвокат кісі өлтірді деген күдікке ілінді

Елордалық адвокат Құмар Бердалин кісі өлтірді деген күдікке ілініп, екі айға қамалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Адвокат анасын ұрып өлтірді, деп хабарлайды КТК.

Баласының қолынан өлген марқұм анасы 72 жаста екен. Көршілерінің айтуынша, Бердалин анасымен қатты жанжалдасып, қол жұмсаған. Зейнеткер сол соққыны көтере алмапты.

Заңгердің үстінен қылмыстық кодекстің 99 бабы 1 бөлімі (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

"Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа да мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - делінген ресми хабарламада. 

Қазір Бердалин екі айға абақтыға жабылыпты. 

Атап кетерлік жайт, Бердалин бұған дейін бас әскери прокурордың кеңесшісі, әділет полковнигі болған. Ол Қарағанды облыстық адвокаттар коллегиясында тіркелген. Әріптестері оған қатысты мәлімет бергісі жоқ.

Талқылау