Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада жоғалып кеткен барменнің туыстары оның компьютерін тексеріп, не жасырғанын білді

Елордада екі апта бұрын жоғалып кеткен 24 жастағы бармен Әнуар Байзуровты іздестіру жалғасып жатыр. Туыстары қандай да бір мәліметке иелену үшін оның компьютерін бұзып ашып, тексеріп көрген.

Елордада жоғалып кеткен барменнің туыстары оның комьютерін тексеріп, не жасырғанын білді

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұған дейін жас жігіттің ұялы телефоны табылған еді. Полиция анықтағандай, Әнуар оны өзі сатып жіберіпті. Сауда нүктесінің иесі жігітті таныды. Ол бақылау камерасына да түсіп қалған екен. 

Тәртіп сақшылары жігіт ойынқұмар болуы мүмкін деп топшылап отыр. Бұған дейін оны ойын клубтарынан да жиі көрген.

Сонымен қатар полицейлер оның бармен болып жұмыс істегеніне күмәнданады. Олар іздестіру барысында еріктілермен бірге елордадағы көптеген бар мен дәмханаларды аралап шыққан. Алайда еш жерде жас жігітті танығандар болмапты. Ал Әнуардың туыстаоы оның жұмыс істеген жерінің атауын да білмейді.

Әнуардың анасы бұған дейін ұлының ойынға тәуелді болғанын байқамағанын айтады. Алайда іштей күмән болыпты. Оның ойынға салынған-салынбағанын анықтау үшін, туыстары компьютерін тексерген. 

«Біз оның «Олимптегі» логинін бұздық. Алайда ол жерде үлкен ұтыс тігілмеген. Ол ойнайды, бірақ ақшаны аздап тіккен. 1 000-2 000 теңге көлемінде ақша тіккен екен», - дейді жігіттің анасы Әмина Ыбыраева.

Әнуар Байзуровты іздестіру шаралары жалғастырылып жатыр.

Еске сала кетсек, 6 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында бармен болып жұмыс істеген жігіт жоғалып кеткен еді. 

Талқылау