Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада жаппай вакцинациялауға тіркеу басталды

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа қарсы вакцина алуға тұрғындарды алдын ала тіркеу басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Вакцинация - локдаундар мен карантиндік шектеулер болмаған кезге, яғни қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік беретін жалғыз тиімді әдіс екенін ескере отырып, халық арасында вакцинацияны бастаймыз. Вакцинация адамдардың бір мезгілде көп жиналуын болдырмау және қала тұрғындары үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасау үшін алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі. Бұл вакциналарды медициналық мекемелер арасында біркелкі бөлуге мүмкіндік береді. Жасына байланысты шектеулер мен медициналық көрсеткіштерді ескере отырып, 600 мыңнан астам тұрғын вакцинациялауға жатады. Тек сәуір айында ғана Денсаулық сақтау министрлігі (СК-Фармация) 280 мыңнан астам доза вакцина жеткізуді жоспарлап отыр", - деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында. 

Одан әрі әкім елорда тұрғындарын вакцинациялау қалай жүргізілетіні туралы түсіндіріп берді. 

Бірінші. Егу пункттерінің саны үш есеге жуық – 36-дан 100-ге дейін өсті. Бұл - алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары: емханалар, отбасылық денсаулық орталықтары, дәрігерлік амбулаториялар және т. б. Вакцинация пункттерінің жұмыс уақыты сағат 8:00-ден 00:00-ге дейін ұзартылды.

Екінші. Вакцинаны алғысы келетіндердің бәрі өтініш қалдыра алады. Емханаға тіркелу орны бойынша алдын ала жазылу керек. Денсаулық сақтау басқармасының сайтында алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының байланыс нөмірлері, мекенжайлары көрсетілген тізім жарияланды. https://uoz.astana.kz/ru/vakcinaciya_dlya_gorozhan

Үшінші. Екпе алуға жазылу Damumed мобильді қосымшасы арқылы да жүзеге асырылады. Қосымшада пациенттің жеке кабинеті арқылы учаскелік дәрігердің қабылдауына жазылу және ескертпеде КВИ-ға қарсы екпе алғысы келетінін көрсету жеткілікті.

Аптаның соңына дейін медициналық мекемелер вакцинацияға ниет білдірушілерді тіркейді, апта соңында вакцинациялауға кіріседі.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі жақында "электрондық үкімет" порталында вакцинациялауға еліміз бойынша орталықтандырылған өтінімдерді қабылдауды іске қосады (egov.kz). Онда "вакцинацияға жазылу" жеке қойындысы болады.

Төртінші. Медициналық мекемелер екпе алғысы келетін барлық тұрғындарды қабылдауға дайын. Дегенмен Mega Silk Way СОО сияқты бірқатар сауда-ойын-сауық орталықтарының инфрақұрылымын дайындадық. Сонымен қатар, қаладағы қонақүйлер де дайын. Қажет болған жағдайда, вакцинация пункттерін сол жерде де орналастыруға болады.


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр