Елордада өткен отшашуға қатысты ІІМ өкілі пікір білдірді
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди карантин кезінде ұйымдастырылған Нұр-Сұлтандағы мерекелік отшашу ұйымдастырушыларын жауапкершілікке тарту туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен бірге, ол кодексте отшашуды тамашалағаны үшін ешқандай жаза жоқ екенін атап өтті.
"Санитар дәрігердің қаулысында көрсетілген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік бар. Егер қандай да бір тұлға сол талаптарды бұзғандығы анықталса, онда мәселені заңды түрде қоюға болады, ал олай болмаған жағдайда – жоқ", - деп толықтырды министрдің орынбасары.
Еске салсақ, 6 шілдеде Қазақстанның астанасында қаланың 22 жылдығына және тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне орай мерекелік отшашу өтті. Бұл халық арасында дау тудырды. Белсенділер өз наразылықтарын ашық түрде білдірді.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр