Елордада оқушыны ҰБТ тапсыруға жібермей қойған
Нұр-Сұлтанда оқушыны дене қызуы болған соң ҰБТ тапсыруға кіргізбей қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Ұлттық тестілеу орталығының мәлімдеуінше, мектеп түлегі емтиханды кейін тапсыра алады екен.
Айта кетейік, еліміздегі карантиннің себебінен ҰБТ тапсыру орталықтарында бақылау күшейтілген. Ғимаратқа кірмей тұрып, оқушының аяқ киімі залалсыздандырып, олардың әрбірінің дене қызуы тексеріледі. Одан кейін тесттен өтушілерге медициналық маска беріліп, емтиханға жіберіледі. Сондай-ақ аудиторияларда әлеуметтік қашықтық сақталып, бөлмелер тек 50%-ға толтырылған.
Жалпы осы жылы елімізде 131 мыңнан астам оқушы ҰБТ тапсыруға өтініш білдіріпті. Олардың 6,5 мыңы емтиханды бүгін тапсырды.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 21 маусым күні ҰБТ басталғаны айтылған еді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған