AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежайда шу шықты

Нұр-Сұлтанда әуежай қызметкерлері жұмыс жағдайына наразы. Олар жүк тасуға техниканың жетіспейтінін, елорданың ауа райына сай форманың жоқтығын, ең бастысы, жалақының аздығын айтып шағымдануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

әуезжй

Жұмыс көлемі үлкен ал табысымыз тек дәрі-дәрмекке жетеді деген жұмысшылардың сауалына басшылық пандемиядан кейін компанияның енді аяққа тұрып жатқанын себеп қылды.

Елуден астам әуежайдағы жүк тиеуші қызметкер үш адамның жұмысын істегенімен, айлығы азық-түлікке де жетпейтінін айтты.

“Бір ауысымда адам жетіспейтіндіктен, 10-12 адам жұмыс істейміз. Мұнда жұмыс істейтін жігіттердің барлығында 2-3 грыжа бар. Маған МРТ нәтижелері омыртқаның грыжасын көрсетті. 150-200 мың теңге жалақымызбен мұны емдеу мүмкін емес. Қазір дәрі-дәрмектің өзі 30 мың тұрады. Бұл ақшаға қалай емделіп, отбасымды асыраймын?” – деді жүк тиеуші қызметкер Марат Разхымбеков. 



Тағы бір жүк тасушы Амангелді Тукенов техникалардың жетіспегенінен жүкті қолымен таситындарын, кейде соның кесірінен жүктердің ауысып, жоғалып жататындарын айтты. Оның ақысы да қызметкерлердің жалақысынан кесілетін көрінеді.

“Әзірге әуежай пандемияға дейінгі көлемінің 80% ғана қалпына келтірілді. Пандемиядан кейінгі кезеңнен бері әуежай биыл алғаш рет жалақы көлемінде үш сыйақы төледі. Әуежай – барлық әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыратын тұрақты кәсіпорын”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежай басқармасының бірінші орынбасары Дәулет Хамзин.

Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары да өткен жылмен салыстырғанда қызметкерлердің жалақысы 27 пайызға өскенін айтты. Соған қарамастан басшылық штатты кеңейтіп жалақыны қайта қарауға дайын екендерін айтты.

“Қызметкерлер маңызды мәселелер бойынша арнайы топ құрды. Ал әр топта барлық өзекті, алаңдататын мәселелерді жазып, басшылыққа беретін өкіл бар. Мұның бәрін мұқият қарастырамыз”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежайдың басқарма төрағасы Ерғазы Жолдасов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр