Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзенде "Өзенмұнайгаз" ғимаратының алдында екі ер адам өздеріне пышақ тығып алды

Жаңаөзенде екі ер адам "Өзенмұнайгаздан" жұмыс сұрап, қызметке орналаса алмағаннан кейін өздерін жарақаттаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қала әкімдігінің хабарлауынша, 9 маусым күні сағат 15.00-де бір топ адам жалпы кезекті айналып өтіп, компанияға жұмысқа орналасуды талап етіп, "Өзенмұнайгаз" АҚ ғимаратының алдына жиналған.

"Жұмысқа орналаса алмаған екеуі - азамат С.К. және азамат С.Т. (бұрын сотталған) іштің алдыңғы қабырғасы мен білек аймағына пышақпен жарақаттар салып, екеуі де қалалық ауруханаға жатқызылды", - делінген ақпаратта.

Олар жедел жәрдем бөлмесінде қаралды, өміріне қауіп жоқ.  Келгендердің бірі ауруханаға жатқызудан бас тартып, аурухана ғимаратынан шығып кетті.



Әкімдіктің мәліметінше, ер адамдар бұрын оқудан өтіп, 1 маусымда жеке компанияға 250 мың теңге жалақымен жұмысқа орналасқан.

"Оларға мұнай-газ саласына жұмысқа қабылдау алгоритмге сәйкес, жалпы кезек тәртібімен жүзеге асырылатыны бірнеше рет түсіндірілді. Алгоритмді бұзу, кезексіз жұмысқа орналастыру басқа жұмысқа орналасуға үміткерлерге әділетсіздікке әкеп соғады"- делінген хабарламада.

Талқылау