Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада 20 жыл бұрын жоғалған ер адам табылды

Нұр-Сұлтанда осыдан 20 жыл бұрын жоғалып кеткен адам табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті басшысының атына жоғалып кеткен туысын тапқан Орал қаласы тұрғынынан алғыс хат келді. Орал тұрғыны Наталья Константиновна учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Көпжасар Жүсіповке 20 жыл бойы іздеген туысын тауып бергені үшін алғыс айтты", - деп хабарлайды Полиция департаменті. 

Оралдық әйел учаскелік полицейден 20 жыл бұрын жоғалтқан туысын тауып беруді өтінген.

"Туысын табу мақсатында елордадағы Полиция департаментінің кезекші бөліміне хабарласқан. Оған жоғалып кеткен ер адамның тұруы мүмкін ауданға жауапты учаскелік полициясының нөмірін берген. Ол 2 күн ішінде ер адамды тауып, Оралға жетуіне көмектескен. Ер адамның тұрғылықты мекенжайы болмаған және әртүрлі орайы келген жұмыстарды істеген", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Сондай-ақ, полиция қызметкері табылған адамға азық-түлік пен пойызға билет сатып алып берген. Және оны Оралдағы туысы күтіп алған. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 06 Сәуір, 2021 15:15
Талқылау