Еліміздің үш мегаполисінде бүгін ауа райы қандай болады

“Қазгидромет” елдегі үш ірі қаладағы ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астанада күн ала бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +26...+28°C.
Алматыда күн ала бұлтты. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, кей уақытта екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +28...+30°C.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +33...+35°C.
Еске салайық, бұған дейін 4-6 шілде аралығында Қазақстанда ауа райы құбылмалы болатыны туралы хабарлаған едік. "Қазгидрометтің" болжамынша, елдің бірқатар өңірінде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі, ал оңтүстікте шаңды дауыл соғады.