Еліміздің басым бөлігі "қызыл" аймаққа кірді
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2021 жылғы 25 шілдедегі жағдай бойынша "сары" аймақта тек бір ғана облыс – Алматы облысы орналасқан.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары.
25 шілдедегі деректер бойынша 78 917 адам коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде:
стационарларда – 23 046 пациент бар,
амбулаториялық деңгейде – 55 871 пациент.
COVID-19-бен симптомды және симптомсыз ауырғандардың ішінде:
ауыр халде – 1 438 пациент,
аса ауыр дәрежедегі жағдайда – 284 пациент,
ӨЖЖ аппаратында – 182 пациент бар.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”