Еліміздегі Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жабылатын болды

Фото: pixabay.com
Мәдениет және ақпарат министрлігі "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" жабылып, оның функциялары "Қазақфильм" киностудиясына берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Власть" порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Министрліктің айтуынша, бұл қадам кино саласындағы жүйелі реформаның бөлігі және ол басқару жеңілдетіліп, шығындар азайып, ұлттық киностудияның беделін арттырады.
"Кино орталығын жабу мемлекеттік қолдаудан бас тартуды білдірмейді. Барлық негізгі функциялар мен киножобаларды қаржыландыру мен сүйемелдеу міндеттері сақталып, "Қазақфильмге" беріледі", – делінген хабарламада.
Орталықты жабу жұмысы алты айдан астам уақыт алуы мүмкін. Өйткені алдымен "Кинематография туралы" заңға өзгерістер енгізу керек. Министрліктің айтуынша, 2025 жылы "Қазақфильм" Кино орталығының конкурсынан тыс қалады.
Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, "Қазақфильм" 2025 жылы киножобаларды жалпы қаржыландыру көлемінің кемінде 30%-ын тікелей мемлекеттік тапсырма арқылы алады. Осы жолмен 2025 жылы жеке кинокомпания қатысқан "Гипноз" фильмі дайындалып, биыл қаңтарда прокатқа шықты.
-
Қазақстандық әртістерге фонограммамен өнер көрсетуге тыйым салынды – Президент заңға қол қойды
-
Енді коучтар мен "инфосыған" блогерлер дипломсыз курс сата алмайды: Жаңа заң дайындалып жатыр
2024 жылдан бері "Қазақфильмге" "Қазақ киносының Алтын қоры" фильмдерін қалпына келтіру, шетелде Қазақстан кино күндерін ұйымдастыру және халықаралық халықаралық кино саласында елді таныстыру сияқты функциялар қайтарылды.
"Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" 2019 жылғы 15 наурызда құрылған және киножобаларды мемлекеттік қаржымен қолдаумен айналысқан.
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген