Еліміздегі ең сұлу актриса не себепті киноны тастап кеткенін түсіндірді
Сұлулығымен талай жігіттің жүрегін жаралаған актриса Әлия Әнуарбек (Телебарисова) не себепті кино әлемінен шет қалғанын түсіндірді. Ақан Сатаевтың “Ағайындылар”, “Жаужүрек мың бала” фильмдерінде басты рөлді сомдаған Әлия бүгінгі қазақ кинематографиясына деген көзқарасын білдірді.
Бұл туралы “Хабар” арнасының “Тікелей эфир” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
“Кино – қызықты әлем, бірақ өте қиын. Көп еңбекті, уақытты қажет етеді. Ең алғашқы жобам – ол 15 жасымдағы режиссер Ақан Сатаевтың “Ағайындылар” сериалы. Бұл жоба маған кино әлеміне жол ашты. Ол өте сәтті болды. Бүгінгі күнге дейін оны қарайды. Бүгінгі күні қазақстандық кино мені өте қуантады. Сапалы картиналар түсіріліп жатыр, әсіресе комедиялар”, – деп бастады сөзін актриса.
Бұдан кейін Әлия Әнуарбек не себепті кино әлемінен көрінбей кеткенін түсіндірді.
“Тұрмысқа шыққан соң мен Руслана Кунның “Герой моей девушки” атты фильміне түстім. Сосын Қытайда фильмге түстім. Қытайда киноға түскен ұнады, өйткені олардың стилі біздікімен бірдей. 24 сағат түсіре береді, шаршамайды. Сосын мен Астанаға көшіп кеттім, ұсыныстар болған, бірақ мен бас тарттым. Өйткені аяғым ауыр болды, қазір кішкентай қызым бар Алиша. Жақында 1 жасқа толады”, – дейді Әлия.
Актриса болашақта киноға қайта оралуы мүмкін екенін де жасырмады.
Жіберіп алмаңыз:
Луина бұзақылардың кесірінен инста-парақшасынан айырылып қалды
Марқұм жарына деген сағынышын әнмен жеткізген Мақпал Жүнісова елді жылатты (видео)
Ділназ Ахмадиева Лос-Анджелесте түсірген бейнебаянын ұсынды (видео)
Димаш Құдайберген елбасының немересімен және Головкинмен түскен суретін көрсетті