Елімізде жылу ақысы бірден 30 пайызға қымбаттауы мүмкін
Елордада жылу ақысы бірден 30 пайызға қымбаттауы мүмкін. Бас қаланы жылумен қамтып отырған "АстанаЭнергоСбыт" компаниясы қыруар шығынға батып жатырмыз" деген себеппен тарифті өсіру жөнінде өтініш берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды.

Компанияның есебінше, биылғы тарифтің ең төменгі шекті мөлшері 1 гигаколорияға 878 теңге 84 тиынға шығып тұр. Бұл қазіргі тариф бағамынан 30 пайыз жоғары.
Компания басшылары елде тауар бағасы, қызмет құны қымбаттап жатқанын айтып зар қағып отыр. Оның үстіне, қызметкерлердің орташа жалақы мөлшері өсті.
Оның бәрі "АстанаЭнергоСбытты" шығынға батырып, өзге компаниялар алдында қарызын көбейтіп жіберіпті. Сондықтан, бұл түйткілдерді тарифті өсіру арқылы шешіп алмақ.
Айта кетейік, қаладағы жылу ақысын көтеру мәселесі бір ай қаралады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"