Алматыда жылу беру маусымы мерзімінен бұрын қосылды

Алматыда жылу беру маусымы басталды. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

отапление

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жылу беру маусымын бүгіннен бастау туралы шешім қабылданды. Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы қалалық желілер 100 пайызға дайын екенін және үйлерді мерзімінен бұрын жылумен қамтуға мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Балабақшалар, мектептер, денсаулық сақтау нысандары бүгіннің өзінде толық қуатына қосылатын болады. Ағымдағы аптаның соңына дейін тұрғын үйлер орталық жылуға қосылатын болады. Бүгін жылу сынақ режимінде беріле бастайды.

Қалада барлығы 444 білім беру, 133 денсаулық сақтау нысаны және 8024 көппәтерлі тұрғын үй бар, олар орталық жылуға қосылған.

Айта кету керек, қалада жылу әдетте 15 қазаннан кейін, орташа тәуліктік ауа температурасы үш күн бойы плюс 8 градустан төмен болған кезде берілетін еді. Ағымдағы жылы орташа тәуліктік температура өткен жылмен салыстырғанда төмен.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр