Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде жеке сот орындаушылары енді борышкерлерді себепсіз мазалай алмайды

Жеке сот орындаушылары істі жүргізу кезінде бұған дейін әріптестері қабылдаған шешімдердің күшін жоя алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. 

Бүгін Мәжілісте  депутаттар осы саланы реттеу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл құжатқа сәйкес енді жеке сот орындаушылары борышкерлерді себепсіз мазалап, шақыра алмайды. 
Сондай-ақ олар іс қозғағанда қаулының көшірмелерін жіберуге міндеттеледі. 


Қазақстандағы су тасқыны: 185 тұрғын үй, мен 78 саяжай су астында қалды


Айта кетерлігі, былтыр бүкіл ел бойынша жеке сот орындаушыларының қызметіне қатысты 13 мыңнан астам шағым түскен. Солардың негізінде 17 маман жұмыстан шығарылса, тағы 50-інің лицензиясы тоқтатылды. Арасында азаматтардың электронды цифрлық қолтаңба сертификатын коллекторларға бергендер де болған.

Талқылау