Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде үкімет мүшелеріне пәтерлерін жалға беруге рұқсат берілмек

Мәжіліс отырысында 2 қазанда қаралған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сәйкес үкімет мүшелеріне пәтерді жалға беріп, табыс табуға рұқсат берілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

үй сток

Фото: pixabay.com

Бұған дейін үкіметтегі шенділерге меншігіндегі мүлікті жалға беруге тыйым салынатын еді. 

“Егер үйіңіз болса, жалға бере аласыз. Бұл мәселе тек үкімет мүшелеріне қатысты еді”, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов.

Әйткенмен кей мемлекеттік қызметкерлер әрі қарай кәсіппен шұғылдана алмайды. Заң жобасына сәйкес келесі тұлғалар тобына мемлекеттік қызметтен бөлек басқа қызметпен айналысуға тыйым сақталады: 

  • Тұрақты негізде жұмыс істейтін аймақтық сайлау комиссиясының мүшелеріне;
  • Бақылау қызметін атқаратын ұлттық банк, қаржы нарығын реттеуші орган мен авиация органдары қызметкерлеріне;
  • Ұлттық компания мен холдингтер басшыларына.

Ал мемлекеттік компаниялар мен холдингтердегі қатардағы қызметкерлер кәсіппен шұғылдана алады. Себебі олар мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғаларға теңестірілмеген.

Бұдан бөлек мемлекеттік қызметтегілер коммерциялық ұйымдардың 5%-ға дейінгі акциясына иелік етеді. Оның үстіне бұл акцияларды тек қор нарығын сатып алып қоймай, мұрагерлік арқылы да ала алады. Сонымен қатар заңға сәйкес мемқызметкерлерге цифрлық активтерге иелік етуге рұқсат берілмек, алайда активтерді сенімгерлік басқаруға бере алмайды. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда мектеп пен аурухана директорларына бизнеспен айналысып, қосымша табыс табуға рұқсат берілетіні туралы жазған едік. 

Талқылау