Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде Құрылтай сайлауы алдындағы тыныштық күні басталды

референдум
Фото: Stan.kz

22 тамыз сағат 00:00-де Қазақстанда Құрылтай сайлауы қарсаңындағы тыныштық күні басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Елімізде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 23 шілдеден бастап 22 тамызға дейін жүргізілді. Сайлау қарсаңындағы тыныштық күніне сәйкес сайлауалды үгіт жүргізуге тыйым салынады.

Орталық сайлау комиссиясы мәліметінше, бұған дейін орналастырылған үгіт материалдары, соның ішінде интернеттегі жарияланымдар, өз орнында қала береді. Алайда оларды қайтадан жүргізуге немесе интернет-ресурстардың басты бетіне шығаруға болмайды.

Айта кетейік, бұған дейін Бас прокуратура 23 тамызға белгіленген Құрылтай сайлауы қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасап, сайлау туралы заңды бұзғаны үшін жаза барын ескертті. Сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге де тыйым салынады.

Нұрила Жұмаділлә
Сенбі, 22 Тамыз, 2026 08:08