Елімізде онлайн платформалар арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жеке табыс салығынан босатылады
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов бизнес өкілдерімен кездесуде Қазақстанның салық заңнамасындағы өзгерістер туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: 161.ru
Біржановтың сөзінше, енді жылына 15 миллион теңгеге дейін табысы бар жеке тұлғалар жеке кәсіпкер ретінде тіркелмесе де болады.
“Бұл – өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарға, курьерлерге, такси жүргізушілеріне және жеткізу қызметінде істейтіндерге жақсы мүмкіндік. Режим 4%-ды алып тастауды көздейді: 2% – зейнетақы жарналары, 1% – медициналық сақтандыру, 1% – әлеуметтік аударымдар", – деді Біржанов Павлодар облысының бизнес қауымдастығымен кездесуінде.
Оның айтуынша, егер бұрын жеке табыс салығына 1% түсcе, енді бұл қаражат өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың болашақ зейнетақысы мен әлеуметтік жинақтары ретінде қалады.
Бұл ретте, егер кіріс шегінен асып кетсе, кәсіпкер Қосылған құн салығын төлеуші мәртебесіне ауысуы қажет.
2023 жылы ай сайынғы табысы 1 миллион теңгеден төмен дербес жұмысшылардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетін алып тастау, олардан салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу міндетін интернет-платформаға ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Содан кейін интернет-платформа ұстаған бір реттік төлемнің мөлшерлемесі кірістің 4%-ы болды:
- жеке табыс салығы – 1%;
- әлеуметтік төлемдер мөлшері – 3%.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда әлеуметтік салық пен жұмыс берушінің зейнетақы жарналары туралы шешім қабылданған еді.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?