Google, Apple, Netflix компаниялары Қазақстанға 75 миллиард теңге салық төлеген
Қаржы министрлігі шетелдік интернет-компанияларға салық салудың жаңа қағидаларын қолданғаннан кейінгі нәтижесін бөлісті. Деректерге сай, Huawei, Aliexpress, Google, Apple, Netflix секілді ірі компаниялар кейінгі үш жылда Қазақстанға 75 миллиард теңге төлеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Рixabay.com
Салық кодексінің 25-тарауына сәйкес, шетелдік интернет-компанияларға ("Google салығы") салық салудың жаңа қағидалары 2022 жылдан бастап қолданысқа енгізілген.
Министрліктің мәліметінше, қазір Қазақстанда 101 шетелдік компания тіркелген.
“Оның ішінде Huawei, Aliexpress, Google, Apple, Netflix және басқа да халықаралық құрылымдар бар. Үш жылда бұл компаниялар 75 миллиард теңге салық төледі. Өткен жылы – 35 миллиард теңге.
2024 жылдың соңында Temu, Pinduoduo және Alibaba компаниялар тобы шартты тіркеуден өтті”, – делінген хабарламада.
Бұл салық Қазақстанның жеке тұлғаларына тауарлармен электронды саудамен айналысатын және электронды нысанда қызмет көрсететін шетелдік компанияларға қолданылады.
"Ішімді екі қолымен қатты басты": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады
Нәресте 21 күн реанимацияда жатып, бірнеше рет наркоз алған
"Қайда жұмыс істейсіз, қанша жалақы аласыз": Қазақстандық ата-аналар мектептердің жеке мәліметтерді сұрауына наразы
Мектептер өткізетін сауалнамалар легі ата-аналар тарапынан түрлі сауал туғызып жатқан көрінеді