Елімізде мұғалімдердің кәсіби мерекесі 5 қазанға ауыстырылмақ
Оқу-ағарту министрлігі Ашық НҚА порталына еліміздегі мерекелік күндердің тізбесіне өзгерістер енгізу жөніндегі Үкімет қаулысының жобасын жариялады. Онда мұғалімдер күнін қазанның бірінші жексенбісінен нақты 5 қазанға ауыстыру жоспарланған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қолданыстағы "Мұғалім күні" кәсіби мерекесі негізінен қазан айының бірінші жексенбісіне белгіленген.
Министрліктің түсіндіруінше, бұл өзгерту президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 30 желтоқсандағы тапсырмасын орындау мақсатында енгізілмек.
Еске салсақ, Қазақстанда енді ұстаздар мен дәрігерлерге балағат сөз айтқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын хабарлаған болатынбыз. Оларды боқтағандарға 10 айлық есептік көрсеткіш немесе 34 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салынады.
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: Ыхтиярхат ала алар ма едіңіз, тексеріп көріңіз
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады