Елімізде қыркүйектен бастап докторанттар мен болашақ педагогтардың шәкіртақысы артады
Елімізде докторанттар мен болашақ мұғалім болуға талпынған студенттер шәкіртақысы артады. Тиісті құжат ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Студенттер мен докторанттардың стипендиясын көтеруге президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 27 мамырда берген тапсырмасы негіз болды.
"Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттарында оқитын оқитын студенттерге – 42000 теңге", - делінген құжатта.
Басқа мамандықтардағы студенттерге берілетін стипендия бұрынғы 26 186 теңге сомасында өзгеріссіз қалады.
Сондай-ақ докторанттардың стипендиясы 150000 теңгеге көтеріледі. Айта кетейік, бүгінде олар 102 498 теңге сомасында шәкіртақы алады. Жаңа қаулы 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар