Елімізде енді мектеп түлектерінің аттестатын цифрлық форматта алуға болады
Оқу-ағарту министрлігі енді негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестатты цифрлы түрде алуға болатынын мәлімдеді. Құжаттар eGovMobile мобильді қосымшасындағы жаңа Bilim қызметінде қол жетімді болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Depositphotos.com
Министрлік мектеп түлектерінің аттестаттары цифрлық форматта осы жылдан бастап қолжетімді болатынын алға тартты.
"Ол үшін eGovMobile мобильді қосымшасында жаңа Bilim сервисіне өту қажет. Онда "Менің балаларым" бөлімінде кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе заңды өкілдері үшін цифрлық құжаттары қолжетімді болады", – деп атап өтті цифрландыру департаментінің директоры Майра Маралбаева.
Bilim қызметі қолданбада шамамен бір ай бұрын іске қосылды. Ол білім туралы ақпаратты, сандық құжаттардан тұратын бірнеше бөлімдерді қамтиды. Бұрын қосымшада QR коды бар колледж дипломдары қолжетімді болған.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған