Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде көлігін аулада ұзақ қыздырып тұратын жүргізушілерге айыппұл салынады

Енді көлігін дұрыс емес жерде ұзақ уақыт қыздырып тұратын жүргізушілерге айыппұл салынады. Тіпті тұрғын үйлердің ауласында 5 минуттан көп қыздыруға болмайды екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Rally36

Мамандар қандай жағдайларда көліктерді ұзақ уақыт қыздыруға тыйым салынатынын және жаңа көліктерге қанша уақыт қажет екенін түсіндірді.

Ерболат Тұрсынбай 2003 жылғы Huindai көлігін жүргізеді. Ол нөлден төмен температурада көлігін жылыту үшін қозғалтқышты 15-20 минут қосу керек екенін, әйтпесе суықта көліктің жүруі қиындағанын айтады.

“Мен көлікті кем дегенде 15 минут қыздырамын. Бұл майдың қызуы үшін қажет, әйтпесе көлік бұзылып, оны жүргізу қиынға соғады”, – деді жүргізуші Ерболат Тұрсынбай. 

Көлікті енді тек белгіленген жерлерде ұзақ қыздыруға болады. Мамандар жол ережесі бойынша көлікті жол жиегінде жылытуға болатынын, тек көлік ешкімге кедергі келтірмесе болғаны дейді. Тұрғын үйлердің ауласында 5 минуттан артық тұру айыппұлға әкеледі. Жергілікті тұрғындар оталып тұрған көлікке шағымданса, көлік иесі жауапқа тартылуы мүмкін. Олар "Көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзу" бабы бойынша жазаланып, 5 АЕК, яғни 18 мың теңгеге жуық айыппұл салынады.

“Тұрғын ауданда немесе автотұрақта көлікті тұрғындарға қолайсыздық тудыратындай етіп 5 минуттан артық оталдырып, өзі салонда болмаса, бұл – заңбұзушылық. Көлік бригадасы көбіне тұрғындар өтінішімен келген сәтте, әдетте, жүргізуші болмайды”, – деді жол-көлік оқиғасының маманы Михаил Будианский.

Мамандар жаңа көліктерді ұзақ қыздырудың қажеті жоқ екенін айтады. Көптеген автомобильдер үшін қозғалтқышты шамамен 30 секунд қыздыру жеткілікті. Көлікті ұзақ қыздыру тек отын шығынын және зиян заттардың шығарындысын арттырады. Майдың температурасы 40 градусқа жетуі керек, содан кейін көлікті басқаруға болады. Рас, бұл кем дегенде 15 минут оталып тұруы қажет дизельді автокөліктерге қатысты емес.

Талқылау