Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі балабақшаларда енді тәрбиеленушілерді бағалау жүйесі енгізіледі

Енді еліміздегі балабақшаларда баланы бағалау жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Бөбекжайдағы тәрбиешілер баланың мінез-құлқын, білімге деген ынтасын қағазға түртіп отырады. Бүлдіршін сол құжатпен мектеп табалдырығын аттайды.

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың айтуынша, балабақшаға барған балалар көбіне мектепке дайындықсыз келеді. Ал бағалау енгізілсе, мектепке дайындай бастайды. Ал құжат баланың психологиялық дайындығын айшықтайды. Соның арқасында мұғалімдер алдына келген оқушы туралы ақпарат алады. Жаңа бастаманы бөбекжай тәрбиешілері де қолдады. Себебі бағалау ата-ананың баласына деген жауапкершілігін арттырып, баланы себепсіз қалу жағдайлары да азаяды дейді.


  • Атырауда "Бірыңғай кезектілік" жобасындағы шикілік кесірінен ата-аналар балаларын балабақшаға тіркей алмай әлек

“Балабақшада бала қоршаған орта, жол ережесі, отанды сүюді үйренеді. Қазір мына заманда тілі кеш шығатын балалар бар. Біз ондай балаларды бөлмейміз, кей бала орта топқа барып, мектепалды даярлық тобына барғанда енді-енді сөйлей бастайды. Жоспар бойынша бүгінгі өткен тақырып, ертең өтілмейді. Ол бала үлгермей қалатын жағдайлар да болады. Сондықтан ата-ана мен тәрбиеші тығыз байланыста болып, балабақшадан қалмаса баланың нәтижесі сонда жоғары болады”, – деді балабақша меңгерушісі Назгүл Саудабекова.

Талқылау