Елімізде бір тәулікте алты мыңға жуық адам коронавирусқа шалдыққан
Қазақстанда өткен тәулікте 5708 науқастың коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 1369,
Алматы қаласы - 993,
Шымкент қаласы - 418,
Ақмола облысы - 186,
Ақтөбе облысы - 192,
Алматы облысы - 178,
Атырау облысы - 386,
Шығыс Қазақстан облысы - 107,
Жамбыл облысы - 97,
Батыс Қазақстан облысы - 170,
Қарағанды облысы - 698,
Қостанай облысы - 149,
Қызылорда облысы - 139,
Маңғыстау облысы - 207,
Павлодар облысы - 197,
Солтүстік Қазақстан облысы - 99,
Түркістан облысы - 123.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 509998.
Айта кетсек, өткен тәулікте 2487 адам коронавирус індетінен емделіп шықса, пневмониядан 13 адам, коронавирустан 64 адам көз жұмған. Коронавирус жұқтырған 1190 адамның жағдайы ауыр.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"