Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде алдағы күндері қант пен қарақұмық, күнбағыс майы арзандайды 

Елімізде соңғы апталарда қарақұмық жармасы мен қант және күнбағыс майы бағасының төмендеп жатқаны байқалуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: ашық ғаламтордан

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, күнбағыс майы (0,6%,) картоп (0,5%), қант және тауық еті – (0,2%), сәбіз және ұн (0,1%) бағалары төмендеген. Тек тұз бен рожки бағасы тұрақты болып тұр. 

Әсіресе баға төмендеуінің тұрақты алты апталық үрдісі қант пен қарақұмық бойынша ерекше байқалады. Ал 4 апталық аралықта бұл тізімге күнбағыс майы да қосылған. Сонымен қатар бір аптадағы бағаның тұрақтылығы Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ұлытау, Қарағанды, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелуде. 

Дей тұрғанымен өткен аптада әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасы өсуінің орташа индексі 0,1 пайызды құрады. Оның ішінде пияз – 1,3%, сүт – 0,7%, айран– 0,6%, күріш – 0,3% ең жоғары өсімді көрсетеді.

Жалпы орташа алғанда, ел бойынша резервтерден пияздың бағасы 150 тг/кг, картоп – 149 тг/кг, сәбіз үшін – 131 тг/кг, қырыққабат үшін – 105 тг/кг құрайды.

Әкімдіктер мен сауда және интеграция министрлігінің ақпараты бойынша 1 ақпаннан 17 сәуірге дейін қалыптасқан қорлардан көкөністерді сатудың жалпы көлемі 53 497 тоннаны құрады, оның ішінде картоп – 24 755 тонна, сәбіз – 9 664 тонна, пияз – 11 112 тонна, қырыққабат – 7 966 тонна.

Сонымен қатар күріш бағасын тұрақтандыру үшін Сауда комитеті өңірлерде күрішті келісімшарт жасау мәселесін пысықтауда. Пияздың ішкі нарығын қамтамасыз ету және осы көкөністің бағасын тұрақтандыру үшін Тәжікстаннан ерте пияз сатып алу пысықталуда.

Талқылау