Елімізде 40 млн га жайылымдық жердің пайдаланусыз жатқаны рас па – Премьер-министр жауап берді
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов еліміздегі ауылшаруашылық мәселесі мен жайылымдық жерлердің тапшылығы тұрғысында пікірін білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Біз ғарыштық мониторинг тәсілі арқылы жердің пайдалауын бақылаймыз. Бұл норма былтыр отандық заңнамаға енгізілген. Осы бақылаудың нәтижесінде 40 млн га жердің пайдаланусыз жатқаны туралы ақпаратқа қолымыз жетіп отыр. Оның 95% жайылымдық жерлер. Жайылымдық жерлердің тапшылығы бар екені бәрімізге мәлім. Алайда оларды қайтару мәселесі бір күнде шешілмейді. Конституциямызда жекеменшік құқықтары (жер иелерінің – ред.) қорғалған. Сондықтан пайдаланылмайтын жерлерді қайтару тек сот тәртібімен шешіледі. Біз осы жұмысты бақылауда ұстап, арнайы комиссия құрып, биыл бұл жұмысты жандандырамыз. Мысалы үшін, былтыр пайдаланылмайтын жерлердің 400 мыңы қайтарылған болса, биыл біз мұны 5 млн га-ға дейін жеткіземіз. Және сол жерлерді нақты пайданатын әрі ауылшаруашылық өнімін шығаратын отандық кәсіпкерлерге беру керек", – деді Смайылов "Жаңа Қазақстан" бағдарламасына берген сұхбатында.
- Жайылымды бөле алмаған: Түркістандағы ұлтаралық жанжалдың жай-жапсары белгілі болды
- "Қолындағы төрт-түлігін сатуға мәжбүр": Солтүстік Қазақстан халқы мал жаятын жайылымдық жерге жарымай отыр
- "Бағаның өсуі бүкіл әлемде болып жатыр": Премьер-министр Қазақстандағы қымбатшылықпен күрес қалай жүріп жатқанын айтты
Шенеунік сонымен қатар еліміздегі ауылшаруашылық саласы қашан дамитыны жөнінде ойын айтты.
"Ауылшаруашылығына салынған инвестиция ұзақ мерзімде қайтарылады. Сондықтан әр ел өз ауылшаруашылығына инвестиция бөледі. Біріншіден, инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз ету үшін. Екіншіден, ауылшаруашылығында тұрақты жұмыс істеп, тұрақты жалақы төлеуі үшін. Ауылдық жерлерде халықтың 42% тұратынын ескеретін болсақ, ауылшаруышылық саласы әлеуметтік маңызы бар сала деп айтуға болады", - деді премьер-министр.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
