Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бағаның өсуі бүкіл әлемде болып жатыр": Қазақстан премьер-министрі АҚШ пен Еуроодақ елдеріндегі инфляция туралы айтты

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов "Жаңа Қазақстан" бағдарламасына берген сұхбатында елдегі қымбатшылық мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Смайлов 2022

Премьер-министр қазіргі инфляцияның өсуі бүкіл әлемде болып жатқанын айтады. 

"Бұл инфляцияның өсуі дүниежүзінде болып жатқан жағдай. Мысалы, АҚШ-та бағалардың өсуі 8,8% құрап отыр. Еуроодақ мемлекеттерінде инфляцияның деңгейі 8,6% жетті. Көршілес елдерде де жағдай солай. БҰҰ-ның жаныдағы азық-түлік ұйымының деректері бойынша азық-түліктің бағалары 34% өскен. Бағаның өсуі пандемиядан басталды және содан бері әлемде әртүрлі саяси жағдайлар болып жатыр. Әр мемлекет әртүрлі шектеулер қойып жатыр. Бұған логистикалық проблемаларды қосыңыз. Осының негізінде дүниежүзінде бағалар өсуде", - деді Смайылов.

Үкімет басшысының сөзінше, елдегі инфляцияның негізсіз өсуі мен оны тежеу үшін билік арнайы іс-қимыл жоспарын құрған.



"Бездегі инфляцияның деңгейі 14 жарым пайызды құрады. Алайда біз инфляцияның негізсіз өсуі мен оны тежеу үшін арнайы іс-қимыл жоспарын қабылдап, жыл басынан бері іске асырып жатырмыз. Ол үшін ең алдымен отандық өнім арқылы ішкі нарықты қамтамасыз ету. Осы орайда біз жыл басынан бері ауылшаруашылығына берілетін көмекті 2 есеге ұлғайттық. Мысалы, көктемдегі егіс пен күздегі жинау жұмыстарына берілетін қаржыны 70 млрдтан 140 млрдқа дейін жеткіздік. Форвардтық сатып алу шараларына да қаржыны 2 есе арттыры, 40 млрдтан 80 млрдқа дейін ұлғайттық. Жалпы биыл ауылшарушылығына бөлінетін қаражат 300 млрдтай болса, көктемгі бюджет нақтылау жоспарында оны 2 есе ұлғайттық", - деп қосты ол. 

Премьер-министр ауылшаруашылығына бөлінген қаражат отандық өнімді өндіруге оң ықпалын береді деп сенетінін жеткізді. Смайылов сонымен қатар манополияға қарсы реттеу шараларын күшейтіп жатқанын да қосты.

"Былтыр заңнамаға әлеуметтік маңызы бар тауарларға арнайы сауда үстемесі 15 пайыздан аспауы қажет деген норманы қабылдадық. Сол норманың мониторингін күшейтудеміз. Осының барлығы бағаның тұрақтануына оң ықпалын береді деп ойлаймыз", - деді Әлихан Смайылов.

Ақберен Амангелді
Сәрсенбі, 13 Шілде, 2022 13:44
Талқылау