Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жайылымды бөле алмаған: Түркістандағы ұлтаралық жанжалдың жай-жапсары белгілі болды

Түркістан облысындағы жер дауы кезінде ауыл тұрғынының ұлтаралық араздықты қоздыратын сөздер айтқаны видеоға түсіп, желіде тарап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам ауылының жеріне өзге ұлт өкілін өткізбейтінін айтты. Түркістан облысының ДП өкілдері оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Оқиға күндіз Төлеби ауданында жайылымдық жерде болған. Онда жергілікті тұрғындар мал жайылымдарын бөлу мәселесін талқылаған. Балағат сөздер айтқан ер адам өз кінәсін мойындап, кешірім сұраған. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 174-бабының 2-тармағы (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша тіркелді", – деді полициядағылар.



Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Түркістан облысы ІІД басшысы бұл істі өз бақылауына алып, Төлеби ауданына шыққан. Сондай-ақ тұрғындармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Қазір аудандағы жағдай тұрақталған.

Талқылау